Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Монако арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 15 жыл болды

Қазақстан мен Монако арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 15 жыл болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 17:55 Сурет: Сыртқы істер министрлігі
Бүгін, 2023 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Монако Княздігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15 жыл толды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Айбек Смадияров айтты.

Осы 15 жылда Қазақстан мен Монако өзара құрмет пен ортақ басымдықтардың берік байланыстарына негізделген достық қатынастырды дамыта алды. 2009 жылы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері екі ел де экономика, сауда, туризм және мәдениетті қоса алғанда, әртүрлі салаларда табысты өзара ынтымақтасып келеді.

"Мәдени байланыстар Қазақстан – көшпелі өркениеттің бесігі мен Монако – Жерорта теңізі жағалауындағы қала-мемлекет арасындағы қатынастар маңызды рөл атқарады. Мәдени іс-шараларға қатысу арқылы екі елдің халықтары бір-біріне жақындай түсіп жатыр. Бүгінде Қазақстан мен Монако Княздігі өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге бейілдігін білдіре отырып, сеніммен және оптимизммен алға ұмтылып келеді".ҚР Сыртқы істер министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: