Жаңалықтар тізбегі
0

Абай облысында оқушы бала виртуалды 3D тур-музейін әзірледі

Абай облысы, оуқшы, виртуалды 3D тур-музейі, Қазақстан тарихы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 11:34 Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Абай облысының оқушысы Нұрәлі Амангелдиев қазақ халқының тарихындағы құқықтық дерек көздерін зерделеу мақсатында виртуалды 3D тур-музейін әзірледі. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

"Виртуалды әлемге кірген қонақты дыбысты гид қарсы алып, Қазақстанның әр дәуіріндегі дәстүрлі құқық пен сот жүйесінің қалыптасу жолымен таныса алады", делінген министрлік таратқан хабарламда.

3D мұражай 4 бөлімнен тұрады:

  • "Ежелгі дәуірдегі Қазақстандағы дәстүрлі құқық және сот билігі";
  • "Орта ғасырлардағы сот-құқықтық жүйе";
  • "Революцияға дейінгі кезеңдер";
  • "ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы құқықтық және сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы".

Оқушының айтуынша, бұл жоба виртуалды кеңістікте қазақ тарихындағы құқықтық жүйенің сақ тайпасынан басталып, бүгінге дейінгі қалыптасу жол туралы ақпарат алуға болады. Осы саланы зерттеушілер үшін тиімді тәсіл.

"Виртуалды мұражайдың көмегімен бір нүктеден екінші нүктеге өтуге, алыс жерлерге қарауға, үлкейтуге немесе керісінше кейбір заттарды алыстатуға болады. 3D тур музейі - оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын арттырады, құқықтық тақырыптарды меңгеруге пайдасын тигізеді. Зерттеудің қалыпты әдістеріне қарағанда жаңа формат оқушылардың ізденісін арттырады", – дейді Нұрәлі Амангелдиев.

Виртуалды мұражайдың тағы бір ерекшелігі - есту қабілеті төмен балалар үшін турды түсіндіретін сурдодаудармашы да бар.

Оқушы дайындаған бағдарламаны Жазкент кентінің мектеп лицейінің педагогтері құқық негіздері пәнінде қосымша әдістеме ретінде қолданып, оң нәтиже берген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: