Жаңалықтар тізбегі
0

"Үздік педагог" атағының иегері 3,5 миллион теңгеге жуық қаражат алады

"Үздік педагог" мәртебесі, мұғалімдерге берілетін сыйақы, ҚР Оқу-а5арту министрлігі , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2023 09:50 Сурет: akorda.kz
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылғы 21 шілдедегі бұйрығымен "Үздік педагог" атағын иеленушілерге сыйақы төлеу және оның мөлшері қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидалар "Үздік педагог" атағы (иегері) иегеріне сыйақы төлеу тәртібі мен мөлшерін анықтайды.
Сыйақы мөлшері АЕК-тің 1000 еселенген мөлшеріне (немесе 2023 жылға 3 450 000) тең.

Сыйақы тиісті қаржы жылына осы мақсаттарға білім беру саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен төленеді және бір рет атақ иегерінің ағымдағы шотына аударылады.


Сыйақыны қалай алуға болады


Иегер сыйақы алу үшін конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қолма-қол немесе электронды форматта мынадай құжаттар ұсынады:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • иегердің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

Құжаттар толық және сенімді болған жағдайда, олар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей сыйақы иегердің ағымдағы шотына аударылады.


"Үздік педагог" атағына байқау қашан және қалай өтеді


"Үздік педагог" атағын беру ережесіне сәйкес "Үздік педагог" атағы жыл сайын білім беру ұйымдарының педагогтарына конкурстық негізде беріледі.

Конкурсқа білім беру ұйымдарының штаттық оқытушысы болып саналатын және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтары қатысады.


Байқау жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:

  • I кезең – аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) деңгей;
  • II кезең – облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) деңгей;
  • III кезең – республикалық деңгей.

"Үздік педагог" атағы бір ұстазға он жылда бір реттен артық берілмейді.


Бұйрық 2023 жылғы 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: