Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық оқушылар ең беделді бес халықаралық олимпиадада 19 медаль жеңіп алған

Қазақстан, оқушы, халықаралық пән олимпиадасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 17:49 Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Жыл басынан бері қазақстандық мектеп оқушылары 228 медаль жеңіп алды, оның ішінде 23-і алтын, 71-і күміс және 134-ы қола медаль, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы бес халықаралық олимпиадаға қатысу жоспарланған.

Жалпы жыл басынан бері еліміздің намысын 737 оқушы қорғады. Олар:

  •  Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы;
  • Математикадан халықаралық "Жібек жолы" олимпиадасы;
  • Математикадан Балкан олимпиадасы (BMO);
  • Химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасы;
  • Физикадан Азия олимпиадасы (APHO);
  • Математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша "Туймаада" халықаралық олимпиадасы;
  • Математика, физика және информатикадан Жәутіков олимпиадасы;
  • Жасөспірімдер арасындағы математикадан Балқан олимпиадасы (JBMO);
  • Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO);
  • Географиядан Еуропалық олимпиада (EGeo);
  • Еуропалық физикалық олимпиада (EuPho);
  • Әл-Хорезми атындағы математикадан халықаралық олимпиада;
  • Әл-Бируни атындағы химиядан халықаралық олимпиада;
  • Болгарияның математикадан халықаралық жарыстары және сол сияқты бірқатар құрлықтық олимпиадаларға қатысты.
"23 оқушы ең беделді бес IMO, IPhO, IBO, IOL, IСhO халықаралық олимпиадаларында 19 медаль жеңіп алды. 10 қыркүйекке дейін географиядан халықаралық олимпиада (IGeO) және информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) сияқты тағы екі ірі олимпиадаға қатысу жоспарланып отыр", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетсек, алтын медаль алған мектеп оқушыларына 1500 АЕК, күміс медаль үшін 1000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Мектеп оқушыларын зияткерлік сайысқа дайындаған ұстаздарға да біржолғы сыйақы белгіленген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: