Жаңалықтар тізбегі
0

Отбасы банк "Ұлттық қор – балаларға" жобасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді

Отбасы банк "Ұлттық қор – балаларға" жобасына қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 11:47 Сурет: Zakon.kz
Отбасы банк "Ұлттық қор – балаларға" жобасының арнайы парақшасында осы жобаға қатысты қазақстандықтардан 50-ге тарта сұрағын топтастырды.

Жауаптар Закон.кз порталында орналасқан. Сол жерден өздеріңізді қызықтырған бүкіл ақпараттар мен азаматтардың сұрақтарына берілген жауаптарды табуға болады. Оған қосымша портал редакциясы жобаға қатысушы балалардың ата-аналарын бірінші кезекте толғандыратын кең ақпараттар легін дайындады.

"Ұлттық қор – балаларға" дегеніміз не?

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы – бұл 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталатын мемлекеттік бағдарлама. Оның арқасында 18 жасқа толмаған әрбір қазақстандық баланың арнаулы жинақтаушы шотына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы аударылып отырады. Қаражат алдын ала шығарып алу мүмкіндігінсіз және кәмелетке толғанға дейін жиналады. Келешекте бұл ақшаны екі мақсатқа қолдануға болады - тұрғын үй жағдайын жақсарту және оқу ақысын төлеу. Бұл ақшаны мерзімінен бұрын алу, шығару және/немесе өз қалауы бойынша қолдану мүмкін емес.

Түсіндіре кетейік, тұрғын үй жағдайын жақсарту дегеніміз – тұрғын үйді өзінің жеке қаражатын қолдану мүмкіндігі арқылы сатып алу, ипотекалық қарызды толық немесе жартылай мерзімінен бұрын өтеу, ипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарнаны беру, оның ішінде жөндеу жүргізу мен Отбасы банкте депозит толтыруды білдіреді.

Оқу мақсаты – оқу ақысын төлеуді білдіреді, оның ішінде шетелдік ЖОО-да білім алу да бар.. Сондай-ақ жинақталған соманы әрі қарай оқу ақысын төлеу үшін Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесіне аударуға болады, оның ішінде шетелге де. Сондай-ақ бұл қаражатпен оқу несиесін өтеуге болады.

Төлемдер қашан басталады?

Бірінші аударылымдарды 18 жасқа толатын балалар 2024 жылдың басында ала алады. Егер сіздің балаңыз 2023 жылы 18-ге толып қойса, онда ол "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатыса алмайды. Сол сияқты 18 жастан асқан барша азаматтар жобаға қатыса алмайды.

Жинақ шотын ашу үшін, балалардың ата-аналарына ешқандай өтініш берудің және арнайы банкке жүгінудің немесе БЖЗҚ-ға хабарласудың қажеті ЖОҚ. Әрбір балаға "Жеке тұлға" мемлекеттік мәліметтер базасы деректері негізінде автоматты түрде БЖЗҚ арқылы жеке шот ашылады. Егер баланың ата-анасы ажырасып кетсе, қосымша құжаттар мен анықтамалар қажет емес, себебі қаражат балалардың жеке шотына түседі. Алынған қаражатты бала өз бетінше 18 жасқа толғанда пайдалана алады.

Бала "Ұлттық қор – балаларға" жобасының қатысушысы болып табылатындығы туралы ақпаратты egov.kz порталындағы өзінің жеке кабинетіңізден алуға болады. Қаражаттардың аударылымы туралы тұрақты есептер enpf.kz зейнетақы қорының ресми сайтында орналастырылады, ол жерде ата-аналар аударылымдар туралы ақпаратты таба алады.

Жинақтардың көлемі және қаражатты қолдану шарттары

Бағдарлама шарттары бойынша қаражат доллармен жинақталады. Жыл сайынғы аударылымдар сомасы тұрақты болмайды және қордың инвестициялық табысына қарай өзгеріп отырады. Жыл сайынғы төлемдер туралы нақты деректер әр жылдың басында белгілі болады.

Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа толмаған балалар арасында бөлінеді. Дәл қазіргі таңда 7 миллион шамасында бала бар. Шотқа түсіп тұратын сома Қазақстан азаматтары болып табылатын балалардың санына байланысты болады. Алдын ала есептеулердің қорытындысы бойынша, келесі жылы 18-ге толатын балалар шамамен 160-170 доллар алады, ал 2023 жылы туғандар кәмелеттік жасқа толғанда 3,5-4 мың доллар алады.

Бұл ақшаны бала қалай қолдана алады?

Бала 18 жасқа толғанда алынған қаражатын қолдануға құқылы болады. Қаражаттарды БЖЗҚ шотынан өзіңіздің қолданыстағы шотыңызға аудартып алуға болады. Бұл мақсаттарға тек БЖЗҚ мен "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында өзара мәмілеге қол қойған ЕДБ-де (екінші деңгейдегі банктер) шот ашуға болады.Екінші деңгейдегі банктердің тізімін БЖЗҚ өзінің корпоративтік сайтында жариялайды.

Жобаның уәкілетті операторларының бірі – Отбасы банк. Оның enpf-otbasy.kz платформасы арқылы қашықтан қаражатты белгіленген мақсаттарға қолдануға болады: тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе оқу ақысын төлеу.

Сондай-ақ осы платформада қаражатты керекті валютаға айырбастауға болады.

enpf-otbasy.kz платформасын пайдалану үшін оған ЭЦҚ арқылы кіру қажет. Содан кейін "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат аудару үшін ағымдағы шот ашу қажет.

Егер "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушысы осы уақытқа дейін банк клиенті болмаса, ағымдағы шотты банк бөлімшелерінде, біздің кеңесшілердің көмегімен немесе банк сайтына өтіп бейне-қоңыраудың көмегімен ашуға болады.

Егер "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының қатысушысы қазірдің өзінде Отбасы банкінің клиенті болса, ағымдағы шот тек платформада ғана ашылады.

Содан кейін платформада қаражатты БЖЗҚ-дан алуға сұраныс жіберіп, жұмсау мақсатын таңдау керек. БЖЗҚ-дан ақша түскен кезде, банк өтінімді, оған қоса берілген құжаттарды тексеріп, оң шешім қабылданған жағдайда қаражатты тиісті мақсатқа бағыттайды.

Жинақталған соманы сақтау

Бағдарламаға сәйкес, егер 18 жасқа толған азамат қаражатын рұқсат берілген мақсаттарға қолдануды қаламаса, бұл ақша шотында 10 жыл бойы сақталады. Осы мерзім аяқталған кезде жинақ алушының зейнетақы шотына аударылады.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы туралы толығырақ ақпаратты Отбасы банктің арнайы парақшасынан таба аласыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: