Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігер температураның күрт өзгеруінен кімдер қауіптенуі керек екенін айтты

Дәрігер аязды күн қандай адамдарға қауіпті екенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 17:57 Сурет: Zakon.kz
Қыста тәулікте температураның ауытқуы 10С-тан жоғары болуы мүмкін. Бұл тек қарт адамдар үшін ғана емес, сонымен қатар созылмалы аурулары бар науқастар үшін де қауіпті. Маман Zakon.kz-ке кімнің тәуекелге көбірек ұшырайтынын және мұндай кезде денсаулықты қалай сақтау керек айтты.

Температураның мұндай шамадан тыс ауытқуы кей адамдардың денсаулығына қатты әсер етеді. Бұл туралы дәрігер ескертті. Созылмалы аурулары бар және атмосфералық ауытқуларға тәуелді адамдар жиі зардап шегеді. Кей жағдайда бұл денсаулық пен өмірге өте қауіпті болуы мүмкін.

Дәрігер, ревматолог Майра Сапарбаева синоптиктердің дауылды ескертуіне құлақ асып, әл-ауқатын бақылау қай пациенттерге тиімді болатынын және мұндай атмосфералық өзгерістерге ағзаны дайындаған дұрыс екенін түсіндірді.

Маманның айтуынша, ауа-райының мұндай кенеттен өзгеруі біріншіден, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдарға зиянын тигізеді. Себебі бұл жүрек бұлшықетіндегі қан айналымының бұзылуына және соның салдарынан қан тамырларының құрысуына әкелуі мүмкін.

"Мұндай науқастарда қан тамырлары холестерин түйіншектерінен тарылып кеткен болуы мүмкін. Спазм пайда болған кезде миокард инфарктісі мен инсульт қаупі артады. Сондықтан бұл науқастар дәрігердің тағайындаған қан сұйылтқыштарын уақытында ішуі керек. Белгілі бір жағдайларда дәрігердің рұқсатымен әдеттегі дозаны арттыруы да мүмкін".Майра Сапарбаева

Созылмалы өкпе аурулары: бронх демікпесі немесе өкпенің обструктивті ауруы бар адамдар да аяз кезінде қиналуы мүмкін.

"Бұл қалай болады? Бронхқа суық ауа түскенде бронхтың шырышты қабаты ісінеді. Мұндай жағдайда астма ұстамасы пайда болуы мүмкін. Оның себебі - адам суық ауа жұтқанда, ол жылып үлгермегенінің әсері".Майра Сапарбаева

Сонымен қатар созылмалы буын аурулары бар науқастар: ревматоидты артрит, артроз және басқа аутоиммунды ревматикалық аурулар тәуекел тобына жатады.

Суық мезгілде халықтың белсенділігі күрт төмендейді: адамдар отырықшы өмір салтын ұстанады. Бұл бұлшықеттердің әлсіреуіне, соның ішінде буындарды қолдайтын жүктемені алып тастауға әкеледі. Ал бұл дегеніміз - буын ауруларының өршуіне әкелетін тағы бір фактор.

Ауа-райы өзгерсе, гипертониямен ауыратындар да өзін жағымсыз сезінеді. Майра Сапарбаеваның айтуынша, мұндай сәттерде олардың басы айналып, жиі әлсірейді. Маман оларға тұзды, майлы және қуырылған тағамдарды шектеуге кеңес берді.

"Созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдардың барлық осал тобына арналған жалпы кеңес: таза ауада серуендеу. Бұл өте маңызды. Әрине, алыс қашыққа саяхаттамаған жөн. Сосын тамақтануға ерекше назар аудару керек. Адамдар көп жиналатын жерлерге бармаңыз, өйткені созылмалы аурулардың өршуін тудыратын көптеген вирустық инфекция бар. Ал ол аурудың асқынуына себеп болуы мүмкін. Құрамында С дәрумені бар витаминді препараттарды қабылдау керек. Жемістерді көбірек жеу қажет".Майра Сапарбаева





Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: