Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Жаңа қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2022 22:16 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысы 13 қаңтардан бастап «қызыл» аймақта болуына байланысты 2022 жылдың 14 қаңтарында өңірдегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz

Қаулыға сәйкес мыналар қарастырылды:

  • осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатыспайтын Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар өлшемшарттарын іске асыруға;

  • осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар өлшемшарттарын іске асыруға;

  • осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын,  Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысына шектеулер мен рұқсаттар өлшемшарттарын іске асыруға.

Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын барлық объектілер үшін келесі жұмыс режимі бектіледі:

  • Ashyq» жобасына қатысушы объектілер сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары – сағат 02.00-ге дейін;

Сенбі және жексенбі күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинациялау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі.

Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебесі бар болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде), жұмыс режимі бойынша шектеусіз, жұмыс және демалыс күндері қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз етсін.

«Ashyq» жобасына қатысатын 30 адамға дейін ас беру шарасын қоспағанда, ашық ауада және үй-  жайлардың ішінде отбасылық, еске алу шараларын қоса алғанда, оның ішінде үйде бұқаралық іс- шараларды өткізуге тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, мыналарға тыйым салынады:

  •  конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;

  • концерт залдарының, театрлардың, филармониялардың қызметіне;

  • түнгі клубтардың қызметіне;

  • діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) ұжымдық іс- шаралар (жұма намаз, діни жоралар және т.б.) өткізуге;

  • қоғамдық тамақтану объектілерінде бағандар арқылы қызмет көрсетуге,  ән айту және би қызметтерін ұсына отырып, караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда);

  • жеке кездесулер өткізуге (вакцинацияланған 10 адамға дейін қоспағанда).

Білім беру объектілерінде контингенті 600 оқушыға дейінгі штаттық форматта.

Қалалық мектептерде 600 оқушыдан астам- қашықтықтан оқыту форматында (ауылдық мектептерде 600 оқушыдан астам-штаттық форматта оқыту), бұл ретте мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша 1-2 сыныпта- штаттық форматта оқыту, 3-5 сыныпта- кезекшілік сыныптар (қашықтықтан оқыту форматы бар жерде).

Колледждер мен ЖОО-ы студенттері- аралас форматта оқыту (барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар икемді график бойынша штаттық форматта).

Оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған студенттер мен  оқушыларды штаттық режимде оқытуға жол беріледі;

Мектептен тыс ұйымдарда эпидемиологиялық тәуекел аймағына қарамастан жеке сабақтар кезінде штаттық режимде, топтық сабақтар кезінде – 10 адамға дейін, мүмкінділігі шектеулі балаларға/ересектерге арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында) 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар өткізуге жол беріледі.

Құжат мәтінімен мына арадан толығырақ таныса аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: