Жаңалықтар тізбегі
0

Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы мерекелік демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, 16-17-18 желтоқсан, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 18:23 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер алдағы мерекелік демалыс күндеріне арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

16 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -17°C...-19°C, күндіз: -8°C...-10°C.

17 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -15°C...-17C°, күндіз: -6°C...-8°C.

18 желтоқсан - аспан бұлтты, аракідік қар жауады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -10°C...-12°C, күндіз: -3°C...-5°C.

Алматы

16 желтоқсан - аспан бұлтты, күндіз қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -11°C...-13°C, күндіз: -4°C...-6°C.

17 желтоқсан - күн райы құбылмалы, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -8°C...-10°C, күндіз: -2°C...-4°C.

18 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: -6°C...-8°C, күндіз 0°C...-2°C.

Шымкент

16 желтоқсан - күн райы құбылмалы, аракідік жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -1°C...-3°C.

17 желтоқсан - аспан бұлтты, түнде қар жауады. Оңтүстік-шығыс соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -3°C...-5°C, күндіз: +1°C...+ 3°C.

18 желтоқсан - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: -1°C-3°C, күндіз: +6°C...+ 8°C.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: