Жаңалықтар тізбегі
0

Астана мен Алматының әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қауіпсіздік шаралары, әуежай, Астана, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2024 11:06 Сурет: Астана халықаралық әуежайы
Астана халықаралық әуежайы авиациялық қауіпсіздік қызметінің күшейтілген режиміне көшуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің жарлығына сәйкес, Астана халықаралық әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі күшейтілген режимге көшеді. Осыған орай елорда әуежайының халықаралық (Т1) және ішкі ұшулар (Т2) терминалдарының кіреберісіне (бірінші линиялары) тексеру аппараттары орнатылды", делінген хабарламада.

Астана халықаралық әуежайы арқылы ұшу/ұшып келуді жоспарлаған жолаушылар мен шығарып салушылардан тексерістен өтер кезде әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің талаптарына құлақ асуды және бұлжытпай орындауды сұрайды.

Сондай-ақ, Алматы халықаралық әуежайында авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында бірінші тексеру желісі орнатылғанын айтты.

"Тексерістен өту процедуралары қосымша уақыт қажет ететінін ескере отырып, жолаушылардан әуежайға ертерек келуді сұраймыз. Терминалға кіре берісте жолаушылар мен қол жүгін тексеру үшін қосымша бес тексеру пункті (рентген-теледидар құрылғылары, аркалы металл детекторлар) орнатылды. Бұл шара уәкілетті органның ерекше өкімі бойынша қолданылады". Алматы халықаралық әуежайы

Айта кетсек, таяуда 1 мамырдан бастап Қазақстанның барлық әуежайында вокзал маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша қосымша шаралар енгізілетіні белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: