Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ардагерлерімізге тағзым етеміз

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 09:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз.

"Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз. Бүгінде біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды!Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз! Бейбітшіліктің қадірін түсініп, оны сақтай білейік! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Жеңіс күні құтты болсын!" Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде 8 мамырда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЭО) шағын құрамдағы отырысына қатысты. Тоқаев кетер алдында ардагерлерді құттықтап, Астанадағы "Отан Ана" монументіне гүл қою рәсіміне қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: