Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының бас полицейі мен жеке құрамы ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады

Алматының бас полицейі мен жеке құрамы ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 12:35 Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полициясында қызмет еткен ҰОС қатысушысы Жеңістің 79 жылдығын отбасымен және әріптестерімен бірге атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы атаулы күні ардагерді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров пен бөлімшелердің жеке құрамы Жеңіс күнімен құттықтады.

"Құрметті Қамбар Әмірұлы! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 79 жыл болды. Бірақ сіздердің даңқты істеріңіз ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Елді кеудесімен қорғап, әлемді фашизмнен аман алып қалған аға ұрпақтың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Ол туралы естелік ұрпақтан-ұрпаққа, ата-анадан балаға, жүректен жүрекке беріледі. Ал әсіресе, бүгінде бейбітшіліктің қадірін жақсы білуіміз керек. Сізге тағзым, Қамбар ата! Сізге шын жүректен денсаулық тілеймін!, – деді Арыстанғани Заппаров.

Қамбар Сәрсенов – шындық пен әділет жолындағы нағыз күрескер, Отанымыздың азаттығы жолындағы талай кескілескен шайқастардың қатысушысы. Ол ауыр жарақатына қарамастан, соғыстан кейінгі жылдарда да азаматтардың тыныштығын күзетуге бел буған.

Өз кезегінде, Қамбар Сәрсенов Алматы полициясының Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алып, құрмет көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтты. Жылы, достық жағдайда ол милицияда қызмет еткені және бейбіт өмірдің бақытты, есте қаларлық сәттері туралы естеліктерімен, әңгімелерімен бөлісті, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне қызметте сәттілік тіледі.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: