Жаңалықтар тізбегі
0

Олжас Бектенов Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Олжас Бектенов Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 12:50 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жеңіс күнін мерекелеу аясында Рейхстагқа ту тіккен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт өмірге оралып, бүгінде марқұм болған барша ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

"Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста қазақстандықтар да теңдессіз ерлік пен ерен еңбектің даңқты үлгісін көрсетті. Ұлы Жеңіс қаһармандарының арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт елде өмір сүріп, кемел болашаққа нық сеніммен қадам басып отыр. Айбынды батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов сынды басқа да көптеген отандастарымыздың майдан даласындағы ерліктеріне мәңгі тағзым етеміз. Халқымыз туған жерімізді қорғап қалған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін әрдайым ұлықтай бермек. Баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын!", — деді Олжас Бектенов.

Бүгін сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебаев қазақ халқының ұлы перзенті Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, майдан даласында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай аты аңызға айналған ұшқыш, 1945 жылғы Жеңіс шеруіне қатысқан қаһарман, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Еңселі ескерткіш 2021 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа даңғылы мен Талғат Бигелдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген болатын.

Іс-шараға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Жиынға қатысушылар Жеңіс жолында ерлікпен шайқасқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Елбасы 9 мамырда жерімізде бейбітшілік пен тыныштық үшін жанын қиып, майдан даласынан оралмаған боздақтардың рухына бас иеміз деп атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: