Қызылордада түрмеге телефонды нанның ішіне жасырып өткізбек болған

Қызылордада түрмеге телефонды нанның ішіне жасырып өткізбек болған, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 20:23 Сурет: polisia.kz
Қызылордада түрмеге телефонды нанның ішіне жасырып өткізбек болған азамат әшкере болды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталған азаматқа әкелінген тамақтарды тексеру барысында ұялы телефон тәркіленді.

Қзылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушіге танысы салем- сауқат әкеледі. Салем- сауқат ішіндегі бөлке нанның ортасына жасырып, құйтұрқы әрекетпен ұялы телефон мен қуаттағыш жасырып өткізбек болған.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шақыртылып ұялы телефон тәркіленді.

Қызметкерлердің қырағылығының нәтижесінде тыйым салынған затты кіргізу әрекетінің жолы кесілді.

Телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1- бөлігімен құжаттар сотқа дайындалып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: