Димаш Құдайберген әкесін туған күнімен құттықтады
Сурет: Instagram/kanat_sveta_aitbayevtar
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген әкесі Қанат Айтпаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін @kanat_sveta_aitbayevtar ағатайымыздың туған күні. Менің өмірдегі, өнердегі жолымды айқындап берген ағатай, менің ғана емес, менің барлық достарымның, бірге жүрген бауырларымның ұстазы. Бақытты, баянды ұзақ өмір тілеймін, ағатай!", деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Одан бөлек әншінің әлемнің түкпір-түкіпіріндегі фан-клубтары да Қанат Айтпаевты туған күнімен желіде жарыса құттықтауда.
Димаш Құдайберген қазақ дәстүрі бойынша тұңғыш бала болғандықтан атасы мен әжесінің тәрбиесінде болған. 2023 жылы 13 маусымда Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасында дүниеден озды. Димаш атасын әке деп атайды.
Қанат Айтпаев 2016 жылы Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды. Кейіннен ол ұлының продюсерлік міндеттерін өзі атқаратын болғандықтан, қызметінен бас тартқан.
Айта кетсек, ҚР Мәдениет қайраткерлері әрі өнер тұлғалары Қанат Айтпаев пен Светлана Айтпаеваның шаңырақ көтергендеріне биыл 30 жыл толып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript