Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде жұмысшылар мінген автобус жол апатына ұшырады - қаза болғандар бар

Автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2021 12:44 Сурет: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
Темір қаласының маңындағы Покровка – Жаңажол тас жолында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz

17 желтоқсанда сағат 18:45-те ПАЗ маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі мұнай компаниясының вахта бойынша жұмыс істейтін 12 қызметкерін алып, Жарқамыс кенті жағынан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алып келе жатады.

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2021 12:44

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Тас жолдың 13-ші шақырымында жүргізуші жол жиегінде тұрған Камаздың жартылай тіркемесін көрмей қалған көрінеді.

Тас жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2021 12:44

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жеткізілді.

Жол апатына байланысты тергеу амалдары қолға алынды.

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2021 12:44

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: