Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты

Автобус, Атырау, автобус жүргізушісі, ұрып-соғу, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 18:42 Сурет: pixabay
Атырауда ер адам жол ақысын төлеуді сұраған жолаушылар автобусының жүргізушісіне шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

AtyrauPress мәліметінше, оқыс оқиға 5 наурызда түстен кейін №22 қоғамдық көлікте болған.

"Белгісіз ер адам жол ақысын төлеуді талап еткен жүргізушіге жұдырық ала жүгірді. Абырой болғанда, автобус тоқтап тұрды, сондықтан қайғылы жағдай болмады", делінген хабарламада.


"СмартАтырау" КММ директоры Арслан Аронов төбелес кезінде автобус жүргізушісі жарақат алғанын жеткізді.

"Жүргізушінің беті, иегі, бір көзі ісіп кеткен. Бұзақы қашып кетті, бірақ полиция оны ұстады. Қол жұмсауға себеп - жүргізушінің одан жол ақысын төлеуді талап етуі. Соған ренжіп қалыпты, көрдіңіз бе? Өкінішке қарай, бізде көпшіліктің жартысы жол ақысын төлемейді. Сонымен қатар, ол валидаторды да шаққан. Енді оны жөндеп беруі керек", - деді Арслан Аронов.

Айта кетсек, 2023 жылы 22 желтоқсанда Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Автобус жүргізушісісі - әйел адамды ер адам жұдырығымен талдырып тастаған. Автобус аялдамада тұрған бір топ адамды жапырып өтті. Оқиға орнында үш адам қаза тапты. Автобустың соқтығысуы салдарынан жеті адам зардап шекті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: