Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде жүрген депутат былтыр ғана салынған үйлердің қайта су астында қалғанын көрсетті

Су басқан үйлер, Ақтөбе облысы, Қобда ауылы, Мәжіліс депутаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2024 11:55 Сурет: видеодан алынды
Қазақстанда су тасқыны мәселесімен тап келген бірнеше өңір бар. Соның бірі - Ақтөбе облысы. Осы өңірде жүрген Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай былтыр ғана жаңадан салынған үйлердің тағы да су астында қалғанын көрсеткен видеоны желідегі парақшасына жүктеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақтөбе облысы Қобда ауылындамыз, сеть ұстайтын аймаққа енді шықтық. Жағдай қиын. Былтыр ғана Үкімет салып берген жаңа үйлер су астында тағы қалды, бір жыл өтей жатып. Неге? Өйткені өзен жылда тасиды. Бұл араға үлкен дамба керек, ауылды қоршап тұратын. Оның жобасы қолға алынған. Бірақ оны прокуратура тоқтатып тастаған. "Жоба дайын емес" деген сылтаумен", - дейді төтенше жағдай орын алған орыннан түсірілген видеода депутат.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Берсиев ауылында жағдай қиын екенін нақтылайды.


"Күндіз-түні Ақтөбе облысында үйі суға кеткен ағайынның қасында жүрміз. Шынын айтқанда бірдеңе деп жазба жазуға мұрша жоқ. Жағдай қиын. Құр жүрген жоқпыз. Еріктілерге рақмет! AMANAT партиясы тарапынан қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз. Қазір бастысы адам шығыны болмасыншы деп тілейікші. Берсиев сияқты ауылдарды толық қызыл су шайып кетті. Қорқынышты. Тұрғындар мектептің екінші қабатында отыр. Тікұшақ қонатын жер жоқ", деп жазды Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, Ақтөбе облысында су бөгеті бұзылып, жергілікті халық эвакуацияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: