Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында оқушы бала қызыл суға батып, мерт болды

Қызыл су, Ақтөбе облысы, Әйтекеби ауданы, оқушы бала, суға бату, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2024 20:38 Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
2024 жылы 2 сәуірде Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылында 10 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиғаның орын алғанын Әйтеке би ауданының әкімі Даулетияр Тоғызбаев Қазақпарат агенттігіне берген ақпаратында растады.

"2014 жылы туған бала Белқопа ауылының жанынан ағып жатқан еріген қар суына түсіп кеткен. Ол балалармен сол маңда ойнап жүрген. Оқушының денесі судан шығарылды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бір апта бұрын ШҚО-да өзенді трактормен кесіп өтпек болып, жоғалып кеткен екі ер адам әлі іздестіріліп жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: