Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавл тас жолында полицейді қағып өлтірді

Петропавл тас жолында полицейді қағып өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 09:39 Сурет: pxhere
Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерін өлтірген жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде Петропавл облыстық полиция департаментінің жетінші басқармасының бастығын көлік қағып өлтіргені туралы ақпарат пайда болды. "Оның денесі көптеген жаралармен, сынықтар түрінде "Мария" кафесінің жанынан табылды", – делінген хабарламада.

СҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратқа түсініктеме берді.

"28 сәуірде Челябинск-Новосибирск Республикалық маңызы бар автожолында 48 жастағы полиция қызметкерін қағып кеткен. Ол алған жарақаттарының әсерінен оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта соқтығысқан автокөлік жүргізушісін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс – шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция.

Абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2024 жылғы 25 сәуірде Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жоғары лауазымды полиция қызметкерлерінің қайтыс болғаны туралы хабараған болатынбыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: