Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында әскери міндеттерін орындап келген сарбаздардың құрметіне атыс ұйымдастырылды

Алматы облысында әскери міндеттерін орындап келген сарбаздардың құрметіне атыс ұйымдастырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 12:22 Сурет: pexels
Алматы облысының Көксай кентінде әскери міндеттерін орындап келген сарбаздарды ерекше күтіп алмақ болып, достары атыс ұйымдастырды. Аймақ полициясы, оқиға жайлы анықтама берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарасай ауданының тұрғындары үшін мереке құқық қорғау органдарында жалғасты.

Әлеуметтік желілерде сарбаздарды күтіп алу кезінен бейне тарап кетті. Кадрларда жастарды туыстары мен көршілері қалай қарсы алғанын көруге болады. Сонымен қатар, бірнеше адам ерекшеленуге шешім қабылдап, көкке оқ жаудырған.

Алматы облысының полиция департаменті бұл оқиғаның 2024 жылдың 30 сәуірінде болғанын нақтылады.

"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуірде Қарасай ауданының Көксай ауылында орын алған оқ атқан жастар тарапынан бұзақылық әрекет фактісі анықталды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді"Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қарулар тиісті сараптамаға жолданғаны хабарланды.

"Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Екі жас бала уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде",- деп толықтырды ведомства.

Айта кетейік, биыл Алматы облысының полициясы терроризмге осал 182 нысанды тексерді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: