Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Қарин: "Мемлекетімізді сақтай аламыз ба" деген алдымызда сұрақ тұрды

Ерлан Қарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2022 11:08 Сурет: Zakon.kz
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин "Хабар 24" мемлекеттік телеарнасына берген сұқбатында Қазақстанда орын алған оқиғалар жаппай тәртіпсіздік деп саралауға неге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді осы орын алған оқиғаларға сипаттама бере отыралық. Мұны тәртіпсіздіктер деп атауға болмайды, әдетте айтып жүргеніміздей, яғни азаматтық күштердің құқық қорғау күштерімен қақтығысуы немесе талқандау мен отқа оранған көшелерді көрген кездегідей тәртіпсіздіктер емес. Бұл арада мемлекеттік мекемелер басып алынды, құқық қорғау органдарының ғимараттарына шабуылдар жасалды. Алматыға қатысты алты шабуыл туралы айтылды, бірақ ол полиция департаментінің бір ғана ғимаратына қатысты еді. Менің ойымша, бір тәулік ішінде. Кейін әріптестеріммен сөйлесіп, Алматы ПД-ның шабуылға сағат 00:00-ден 05:00-ге дейін тойтарыс беріп, қорғанысты ұстап тұрғанын білдім. Енді көз алдыңызға елестетіп көріңізші, бірнеше сағат бойы ПД-ны алу үшін лаңкестер шабуылдағанда қанша қару мен оқ-дәріге ие болғанын.Ерлан Қарин

Оның айтуынша, әуежайды және басқа да байланыс нысандарын басып алу, бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған шабуылдар жаппай тәртіпсіздіктер деген классификацияға мүлдем сәйкес келмейді.

Мен 20 жыл бойы терроризм мәселесімен айналысып келемін, бірақ бірнеше топтың осылайша ғимараттарды, мекемелерді мақсатты түрде басып алуға тырысып, қалаларға шабуыл жасағаны есіме түсер емес. Бұл - тек арнайы қызметтер үшін ғана емес, сарапшылар мен мамандар үшін де қиындық тудыратын жаңа құбылыс. Біз жаңа кезеңге аяқ басқанымызды түсінуіміз керек, мұндай уақытта кез-келген басқа елге қарсы осындай масқара сценарий басталып кетуі бек мүмкін, оның басты мақсаты, меніңше, мемлекеттің тұтастығын бұзу... Тек бір қаланы қорғау мәселесі тұрған жоқ, бірнеше аймақта шабуылдар болып жатты. "Біз мемлекеттімізді сақтай аламыз ба" деген алдымызда сұрақ тұрды.Ерлан Қарин

Мемлекеттік хатшы Қазақстанда радикалды және террористік топтарды қолдана отырып, елдегі жағдайды тұрақсыздандырудың мүлде бір бөлек сценарийі сыналғанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: