Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев 40 жыл бұрын сабақ берген ұстазымен кездесті

Қытай, Бейжің, Бейжің Тіл және мәдениет университеті, Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюст, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 11:37 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапары кезінде қырық жыл бұрын дәрісін тыңдаған профессормен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Бейжің лингвистикалық институтында тағылымдамадан өткен кезінде өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелесті, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы арнасы.

"40 жылдан кейін білім алған университетіме келіп, өзіңізді аман-сау көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздің еңбекқорлығыңызды, табандылығыңыз бен ерік-жігеріңізді ерекше бағалаймын. Сіздің шәкірттерге берген біліміңізге баға жетпейді. Мұның бәрі сіздің кәсібилігіңізді, ыждағаттылығыңызды және өз ісіңізге деген адалдығыңызды көрсетеді. Құрметті демалыста екеніңізді білемін. Соған қарамастан, университеттің қоғамдық өміріне атсалысуды жалғастырып, мәдениетаралық байланыстардың дамуына зор үлес қосып жүрсіз", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лю Шициньге алғыс айтып, оған зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Қытай, Бейжің, Бейжің Тіл және мәдениет университеті, Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюст, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 11:37

Сурет: akorda.kz

Мұнан соң мемлекет басшысына университетте оқыған кезіндегі өзінің архив құжаттарын көрсетті.

Іс-шара соңында президент Бейжің Тіл және мәдениет университетіне Әбу Насыр Әл-Фарабидің портретін сыйлап, осы оқу орнында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен әңгімелесті.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: