Жаңалықтар тізбегі
0

Азия ойындарында Қазақстан Париж Олимпиадасының екінші лицензиясына қол жеткізді

Георгий Борода-Дудочкин, Париж Олимпиадасына жолдама, лицензия, Азиада-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2023 16:07 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан сынға түскен Георгий Борода-Дудочкин Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы есеп бойынша ол 1411 ұпай жинап, оныншы болды.

"Ереже бойынша үздік бестікке кірген мемлекет жолдамаға иелік етеді. Георгий 10-шы болғанымен ол Жапония, Оңтүстік Корея мен Қытайдың бірнеше спортшысына есе жіберді. Бұл елден тек бір ғана адам лицензия ала алады. Тағы Қазақстан мен Таиланд атлеттеріне бір-бір жолдамадан бұйырды". ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл спорт түрінен жалпы есепте Қазақстан құрамасы - 4-сатыда.

Айта кетсек, Қазақстан спортшысы Елена Потапенко Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы қазіргі бессайыстан жеке жарыста 5-ші орын иеленіп, 2024 жылы өтетін Париж Олимпиадасында өнер көрсетуге мүмкіндік алғанын хабарлаған болатынбыз. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: