Жаңалықтар тізбегі
0

Азия пара ойындары: Диас Кенжебек Қазақстан қоржынына жетінші "алтынды" салды

Диас Кенжебек, Азия пара ойындары, суға жүзу, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 18:59 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық спортшы Диас Кенжебек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында суға жүзуден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 100 метр қашықтықты 1:05:42 уақытында жүзіп өтіп, Азия мен Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.


"Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді әрі бүгінгі жетістік - осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс білдіреміз. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады!", - деді Қазақстанның туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бұған дейін қазақстандық пара спортшы Дастан Мұқашбеков елімізге алтын медаль әперді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: