Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда туристік кэшбек мөлшерін жаңа механизммен белгілеу ұсынылды

Қазақстанда туристік кэшбек мөлшерін жаңа механизммен белгілеу ұсынылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2023 15:26 Сурет: Алматы әкімдігі
Жоба бойынша кэшбэк мөлшерін туристердің қанша күн демалғанына байланысты белгілеу ұсынылады. Мысалы, 1 күн түнеген туриске тур құнының 5%-ы мөлшерінде өтемақы төлеу ұсынылады.

Ал 2 күн демалып, түнесе тур құнының 10%-ын, 3 күн түнесе 15%-ын қайтарып алады. Ең жоғары - 20% кэш бек 4 және одан артық күн демалғандарға беріледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Механизм "төмен" маусым кезеңіндегі турларға бағытталған. Бұл бизнесті, халықты және нөмірлік қордың толымдылығын қолдау мақсатында ұсынылып отыр. Туристік кэшбек туроператорлармен қатар маркетплейстерден сатылып алынған турларға да төленеді. Маркетплейстер кэшбэкті өз қаражаты есебінен төлейді. Мемлекет кейін бұл шығынды өтеп береді. Ал туроператордан офлайн форматта сатып алған жағдайда мемлекет кэшбекті тікелей туристке қажет құжаттар мен өтінімді жинақтап жолдаған бетте оның есепшотына жібереді.

Бүгінде аталған ережелер жобасы әзірленіп, туристік нарық өкілдерімен талқылау жүріп жатыр. Механизм аясында жобаға қатысушыларға ең төменгі талаптар қойылып отыр. Туроператорлар үшін ол - ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызметке лицензияның болуы Ал, маркетплейс отандық өнім және турист пен туроператор үшін ыңғайлы болуға тиіс.


"Қазақстанда ішкі туризмді одан әрі ынталандыру мақсатында туристік "кэшбэк" енгізу ұсынылып отыр. Бұл тәжірибе әлемде тиімділігімен танылған. Ел ішінде демалушылар тур құнының 20%-на дейін қайтарып ала алады. Бұл шара ұйымдастырылған демалыс мәдениетін дамытуға және ел ішінде саяхаттаудың қолжетімдігін арттыруға мүмкіндік береді",- деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: