Жаңалықтар тізбегі
0

Қоқыс көбейіп кеткендіктен Асы жайлауына кіруге шектеу қойылды

Қоқыс көбейіп кеткендіктен Асы жайлауына кіруге шектеу қойылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 10:39 Сурет: wikimedia/Islam Mirsaitov
Асы жайлауына туристердің баруына шектеу қойылған. Неліктен бұлай болғанын Zakon.kz-ке "В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт" ЖШС директорының міндетін атқарушы Рашит Валиуллин айтып берді.

Бастапқыда әлеуметтік желілерде туристер енді бұл жайлауда демала алмайтыны туралы ақпарат пайда болды.

"Асы жайлауына, обсерваторияның жанына қоршаулар салып тастаған. Барып, демалуға тыйым салынғаны туралы белгілер ілінді. Әдеттегі көлік тұрағы, кемпинг және тағы басқалары қазір жоқ", - деп жазды желі қолданушысы.

Рашит Валиуллин бұл шектеулерді растады.

"Қазір институт осы обсерваторияда жүргізілетін жоғары дәлдіктегі астрономиялық бақылауларға стихиялық туризмнің кері әсерін азайту мақсатында Асы-Түрген обсерваториясының жер телімін қоршау жұмысын істеп жатыр", - деді Астрофизикалық институттың директорының міндетін атқарушы

Маманның айтуынша, обсерватория аумағын шұғыл қоршау қажеттігі 2023 жылдың тамыз айында туындаған. "Содан кейін Асы-Түрген обсерваториясының қоршалмаған аумағын туристердің ауқымды ластауына байланысты институт экологиялық айыппұл төлеуге мәжбүр болды. Ал Алматы облысының әкімдігі бұл аумақтан ірі көлемде қоқыс шығаруға мәжбүр болды" деп қосты ол.

Обсерватория аумағына саяхат жасауға қатысты Рашит Валиуллин былай деді:

"Обсерватория арқылы малды жайылым жерлерге айдау мүмкіндігі қалды. Енді туристер обсерватория аумағы арқылы туристік компаниялармен келісе отырып, қоқысты шығару және жарықтың ластануын барынша азайту жөнінде міндеттемесін орындай отырып қана жүре алады".Рашит Валиуллин

Еске салайық, бұған дейін туристер Асы жайлауында көп тонна қоқыс қалдырғаны хабарланған еді. Мысалы, Якутияның тумасы туристік фирмаларды табиғатқа деген менсінбей қарайтыны үшін сынға алып, үстіртте ешкімнің қоқыс жинаумен айналыспайтынын баса айтқан еді.

Ал 2023 жылдың 16 тамызында Алматы облысының әкімдігі үстірттен 28 тонна қоқыс шығарылғанын хабарлады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: