Жаңалықтар тізбегі
0

Дүниежүзілік туристік ұйым Саты елді мекенін үздік туристік ауыл деп таныды

Дүниежүзілік туристік ұйым Саты елді мекенін үздік туристік ауыл деп таныды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 17:37 Сурет: Алматы әкімдігі
UNWTO Дүниежүзілік туристік ұйымы қазақстандық Саты ауылын үздік туристік ауыл деп таныды. Бас ассамблеяның Best tourism Villages by UNWTO 2023 салтанатты іс-шарасы көршілес Самарқанда өтті.

UNWTO-ның "Үздік туристік ауылдар" бағдарламасы 2021 жылы іске қосылған. Ол туризмді ауылдық аумақтардың дамуы мен әл-ауқатының қозғаушы күшіне айналдыруға бағытталған.

Саты – "Көлсай көлдері" ұлттық саябағында (Алматы облысы) орналасқан. Онда туристік нысандар-аттас көлдер тобы және Қайыңды көлі бар. Қазір Саты – қонақ үйлер саны бойынша көшбасшы. Бұл жергілікті тұрғындардың келелі іске белсенді қатысуының нәтижесі.

Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігінің дерегінше, кейінгі 5 жылда мұнда ыңғайлы маршруттар мен серуен жолдары құрылған, төменгі Көлсайға жол салынған. Аудан көлемінде адамдар тоқтап дем алатын көптеген орындықтар, арбалар мен айлақтар бар. Бақылау нүктесінен көл айдынының панорамалық көрінісін тамашалауға болады.

2020 жылы Саты ауылы Lonely Planet халықаралық агенттігінің нұсқасы бойынша жергілікті қауымдастықтарға негізделген туризмнің ең жақсы бағыты ретінде танылып марапатқа ие болған.

"Қазақстанда Сатының табысты тәжірибесін тарату мақсатында қазақстандық туроператорлар мен басқа өңірлерден келген қонақүй иелері үшін ақпараттық турлар, оқыту тренингтері мен семинарлар өткізіледі. 2023 жылғы есеп бойынша Сатыда 90 қонақ үй мен 30 орналасу орны жұмыс істейді. Бұл сан 2019 жылмен салыстырғанда екі есе өскен. Жергілікті тұрғындардың көбі туристік бизнеспен айналысады", - деді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: