Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстан Премьер-министрі Әлихан Смайыловты құттықтады

Құттықтау, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2022 21:51 Сурет: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Арипов Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Тараптар стратегиялық әріптестікті екіжақты және көпжақты форматта одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Үкіметі бауырлас Өзбекстан Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады. Біз бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға барынша дайынбыз. Ынтымақтастықтың екіжақты күн тәртібінің аясында белгіленген жоспарлар бірлескен күш-жігеріміздің арқасында іске асырылатынына сенімдімін. ҚР Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов

Өзбекстан – Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың 70%-ға жуығы ҚР мен ӨР-ға тиесілі. 2021 жылдың 10 айында екіжақты сауда көлемі 3,26 млрд долларды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 30%-ға жоғары. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына кіре алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: