Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қырғыз президентінің инаугурациясына шетелден ешкім келмейтін болды

Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясы 24 қарашада өтеді.

Сурет : 7 Қараша 2017, 10:11
Қырғызстанда президент сайлауында жеңіске жеткен Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясына шетелдің мемлекет басшылары шақырылмайды. Бұл жөнінде президент әкімшілігі жетекшісі Алмаз Усенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Sn.kz.

Оның сөзінше, жаңа билік бұл шешімге «әлемдік тәжірибені есепке ала отырып» келген. Бірақ, ол салтанатты шараға Қырғызстандағы барлық елдердің елшілері шақырылатынын атап өтті.

Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясы 24 қарашада өтеді. Ол 15 қазанда өткен президент сайлауында сайлаушылардың 54 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.

Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың елді басқару мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады. 15 қарашада Атамбаев президент ретінде соңғы баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: Sn.kz

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер