Қазақстан Президенті «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті

Zakon.kz Zakon.kz
Бен ван Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, Қазақстан жұртшылығын халықаралық көрменің табысты өтуімен құттықтады.
Кездесу барысында тараптар еліміздің мұнай-газ секторындағы қазіргі ахуал мен ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде Қарашығанақ пен Қашаған жобаларын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы «Royal Dutch Shell» концерні халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға белсенді атсалысқанын айтып, компания басшылығына ризашылық білдірді.

Бен ван Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, Қазақстан жұртшылығын халықаралық көрменің табысты өтуімен құттықтады.

– Сізді «ЭКСПО» көрмесінің табысты өтуімен құттықтаймын. Мен көрмедегі ең тартымды павильон – «Нұр Әлем» сферасында болдым. Одан алған әсерім де керемет, – деді концерннің бас атқарушы директоры.

Бен ван Берден биылғы 18 қарашада аталған кен орындарына қатысты өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылғанына 20 жыл толатынын айтып, оларды іске асыруда Қазақстан Президентінің ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

– Бұл жобалар өте жақсы және тиімді болып шықты. Барлық шығындар дер кезінде өтелді, енді табыс табу үшін жұмыс атқарылуда, – деді Мемлекет басшысы.

Фото:www.akorda.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз