Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ақтөбе тұрғыны қатты пісіп, күйіп кеткен тамағының иісінен уланып қалды

Ақтөбе облысында былтыр 534 өрт оқиғасы тіркелсе, биыл 750-ден асып отыр.

Сурет : Фото: Аktobenews.kz12 Желтоқсан 2017, 13:01

Ақтөбе тұрғыны газ плитасына қойған тамағын ұмытып кетсе керек, қатты пісіп, күйіп кеткен астың иісінен уланып қалды, - деп хабарлайды Аktobenews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Хамида Ищанованың айтуынша, үй иесі газ үстіндегі тамақты ұмытып кеткен. Зардап шегушіге көмек көрсетілді.

Жалпы, облыс аумағында өрт оқиғасы 41%-ға көбейген. Былтыр 534 өрт оқиғасы тіркелсе, биыл 750-ден асып отыр. Соңғы 11 айдың ішінде өрт салдарынан 15 адам зардап шеккен, 16 адам көз жұмған.

«Алдағы мереке күндері өрт қауіпсіздігін сақтауларыңызды сұраймыз. Пиротехникалық өнімдерді кепілдік беретін дүкендерден алғаныңыз жөн», — деп ескертеді құтқарушылар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер