26 жастағы әйел 25 жыл бұрын ұрықтанған қызын босанды

Stan.kz Stan.kz
Тина мен Бенджамин құрсақтағы нәрестенің нақты жасын дәрігерлерден естігенде аң-таң болады.

АҚШ-тың Теннесси штатында 26 жастағы Тина Гибсон 25 жыл бұрын ұрықтанған қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы The Telegraph хабарлады, - деп жазады Stan.kz.

Тинаның жатырына салынған эмбрион 1992 жылдың 14 қазанынан бері сақталып келген. Тине Гибсон бұған дейін күйеуінің бедеулігінің кесірінен балалы болмаған.

Ол 25 наурызда салмағы 2,94 кг қыз бала дүниеге әкелді.

Тина мен Бенджамин құрсақтағы нәрестенің нақты жасын дәрігерлерден естігенде аң-таң болады.

“Егер бұл қыз өзінің уақытында туылғанда менің құрбым бола алар еді. Себебі, мен одан тек бір жылға үлкенмін. Мен тек балалы болуды қаладым. Бұл әлем рекорды ма, жоқ па, маған бәрібір”, – дейді Тина басылымға берген сұхбатында.

Рекорд жаңартқан нәрестеге Эмма есімі берілді. Ерлі-зайыптылар мұндай қадамға ер адамның бедеулігінен баруға мәжбүр болған.

Айта кетейік, 2010 жылы 20 жыл бұрын ұрықтанған ұл бала дүниеге келген болатын. Эмма 25 жыл бұрын ұрықтануының арқасында бұл рекордты жаңартып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз