Ақтөбеде Мирзоян көшесі Әлихан Бөкейханов болып өзгертіледі

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Атаусыз тұрған 216 көшеге қазақтың дәстүрлі атауы берілді.

Ақтөбеде Мирзоян көшесі енді Әлихан Бөкейханов көшесі болып өзгертілуі мүмкін. Ол үшін Республикалық ономастика комиссиясының шешімін облыстық мәслихат бекітуі керек, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ақтөбе облысында бірнеше көшеге жаңа атау беріп, мән-мағынасыз атаулар жаңартылатын болды. Бұл шешім өткен жылы қабылданып, жұмыс әлі жалғасып жатыр.

«Ақтөбе қаласы бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген, көнерген атауларды қазақтың дәстүрлі атауларымен алмастыруға ономастика шешім қабылдады. Адам есімдері берілмейді, тарихи тұлғаларға немесе арнайы мерейтойға байланысты көше атауы жаңарады. Осы жұмысқа байланысты Ақтөбе қаласында жаңадан ашылып жатқан шағын аудандарға атау беріліп жатыр. Атаусыз тұрған 216 көшеге қазақтың дәстүрлі атауы берілді. Ал атауы ескірген 35 көшенің атауы жаңартылады. Оның ішінде Мирзоян көшесі бар. Мирзоян көшесі енді Әлихан Бөкейханов көшесі болады. Бұл атаулардың бәрі республикалық ономастикалық комиссияға жіберіліп, оң тұжырымы алынды. Ұйғарымы қолымызда», - дейді Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева.

Айта кетейік, республикалық ономастикалық комиссия бекіткен тізім енді облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, бекітіледі. Бұл 2018 жылдың еншісінде.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз