Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда 12 жасар мектеп оқушысы шағын кәсібін ашты

Жас кәсіпкер құс санын өсіріп, қаз, үйрек, күркетауық бағуды да жоспарлап отыр.

Сурет : ASTANATV.KZ 29 Желтоқсан 2017, 14:37

12 жасар кәсіпкер. Алматыда алтыншы сынып оқушысы шағын құс фабрикасын ашты. Барлығы да "квадроцикл аламын" деген арманнан бастау алды дейді, Мирас Көшербаев. Небәрі төрт ай ішінде әжептәуір табыс тапқан жеткіншек бизнесін өркендетуді қалайды, деп жазады Астана телеарнасы.

Мирас күнде таңертең шағын құс фабрикасына кіруді әдетке айналдырған. Балапандарының суы мен жемін берген соң ғана сабағына шығады. Қолдан жасалған қорада 200 шөже бар. Бройлер тұқымды құстар ет бағытында сұранысқа ие. Экологиялық таза жем жеп өскен балапандарының алғашқы легін сатып үлгерді. Екінші легін екі айдан соң саудаға шығармақ.

Мирас Көшербаев, 6-сынып оқушысы: Мектепке кетемін де, 5-те келемін. Сосын жемін-суын тағы да тазалап беремін. Оларға 10-15 күн болғанша біз мынау бруддерде ұстағанбыз. Ол бруддерде температурасы 35 градустан аз болмауы керек. Және жеміне витаминдер араластырып береміз.

Балапан бағу идеясының дүниеге келуі де қызық. "Квадроциклым болса" деп армандаған Мирасқа әжесі ақшаны өзің жина, ол үшін кәсіп аш деп кеңес береді. Осылайша, қыркүйек айында оқушы 100 балапан сатып алады. Ауладан шағын жай салып, әкесі мен әжесінің қолдауымен ішін ретке келтіріп ісін бастайды.

Бибінұр Көшербаева, Мирастың әжесі: Екеуіміз бірге барып сатып алдық. Мен тек кеңес бердім. Қалған жұмысты немерем өзі жасады. Бірінші партия туған-туыс, дос-жараннан артылмай қалды. Мирастың ықыласы сол сәттен бастап арта түсті. Қазір қаржы түгел өз қолында. Шығыны мен кірісін өзі есептеп, әрекет етіп жүр.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері жастардың бизнеске талпынысы артып келеді дейді. Оқушыларға арналған бағдарлама болмағандықтан, келер жылы 10-шы сыныптың оқулығына енгізу жоспары бар. Ал, кәмелеттік жасқа толмағандар тегін тренингтерге еркін қатысушы ретінде келе алады.

Малик Мұсабеков, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бизнес жаттықтырушысы: 18-ге толмаған кәсіпкерлерге міндетті түрде әке-шешесінен рұқсат алу керек. Бұл бизнеспен айналысамын десе. Жастарға арналған мектеп бар. Ол жақта 18 жастан 29 жасқа дейін қабылдаймыз. Бірақ, негізінен 18 жастан төмен жас болса да, біз қабылдаймыз. 12 жастағы бала әке-шешесінің атынан ашу керек немесе 14 жасқа толғаннан кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге болады.

Мирас құс санын өсіріп, қаз, үйрек, күркетауық бағуды да жоспарлап отыр. Ауылшаруашылығы өнімдерін саудалайтын жеке дүкен ашу ойы да бар. Ата-анасы баланың кәсібі өрге қарай дөңгелесе, тіркеліп, заңды кәсіпкер ретінде жұмыс істеуге ниетті.

Олжас Нұржақып


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер