Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Кәрім Көкірекбаев Ұлы Отан соғысының ардагеріне пәтер кілтін сыйлады

Аймақ басшысы ардагерді келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, отбасына бақ-береке тілеп, гүл шоқтары мен жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Сурет : 31 Желтоқсан 2017, 14:16

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Ұлы Отан соғысының ардагері - Бүрбаев Базарбай қарияға «Арай-2» мөлтек ауданынан пәтер кілтін сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақ басшысы ардагерді келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, отбасына бақ-береке тілеп, гүл шоқтары мен жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Еске сала кетейік, Бүрбаев Базарбай ардагер 1924 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылып, 393-атқыштар полкінде минометші болған. Манчжурия, Мугден, Харбин тағы басқа қалаларды азат етуге қатысқан. Үлкен Хинган тауындағы шайқасқа қатысып, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі мен қайсарлығы үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Манчжуриядан 1947 жылы елге оралып, 1988 жылға дейін Жамбыл локоматив депосында машинист болып қызмет атқарған. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Айта кетерлігі, бүгін, жаңа жыл қарсаңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов Шангараев Тиморян және Бердібаев Мұсахан атты қос ардагерге «Арай-2» мөлтек ауданынан пәтер кілттерін табыс етті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер