Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Шамат Ишам мешіт-мұражайында жәдігерлер жоғалып жатыр

Мұражай меңгерушісі тапа-тал түсте күміс монеталардан айырылып қалғанына ашынады.

Сурет : otyrar.kz17 Қаңтар 2018, 09:23

«Мәдени мұра» бағдарламасының тізіміне еніп, көненің көзі ретінде айрықша сақталатын ғимарат қараусыз қалған. Қарнақ ауылындағы Шамат Ишам мешіті мұражайға айналғалы экспонаттары жоғала бастапты. Көзі қарайғандар мұражайдағы күміс монеталарды қолды етіпті. Ақ патша заманынан қалған қымбат бұйымдарды тапа-тал түсте ұрлап кеткен, деп хабарлайды otyrar.kz.

Полицейлерге шағымданғанымен ескінің көзі табылмаған. Есесіне, тарихи құнды дүниелер сөрелерден алынып, қызметкерлердің үйінде сақталады. Бұрыңғы мешіт, қазіргі мұражайдағы өзге де өзекті проблемалары көп. Қарауылдың жоқтығы, құнды дүниелер жоғалғанда жанға батқан.

Мұражай меңгерушісі тапа-тал түсте күміс монеталардан айырылып қалғанына ашынады. Өйткені, мұндағы екі мыңға жуық жәдігерді қарнақтықтардың өзі біртіндеп жинаған. Ауыл тұрғыны Әнуар Мырзаевтың әкесі көзінің қарашығындай сақтап, осы дәрежеге жеткізген.

Гүлбаһар Сайдуалиева, мұражай меңгерушісі:»Тапа-тал түсте, ұры түсіпті. Түскі асқа кеткенбіз, келсек, есіктер ашық-шашық. Біздің мұражайда қарауыл жоқ. Сосын да темір монеталар ұрланды. Енді кітаптарды да шығаруға қорқып отырмыз. Қанша қымтап, жүрсек те үшеуміз ие бола алмай қаламыз.

Бірде бір бақылау камерасы да жоқ. Сосын арнайы стандартқа сай қорымызда жоқ».Айта өтейік, Шамат Ишам мұражайы 1796 жылы салынған. Сол кездегі молда жергілікті халықтың сауатын ашу үшін мердресе ретінде қолданған. Кейін 1928 жылы жетім балалар паналап келген. Ал 1982 жылдан бастап, қараусыз қалған. Ескі ғимаратты ауыл тұрғындары асарлатып, қалпына келтіріп, көзінің қарашықтарындай сақтап келген.

Кейін, ауылдықтардың үздіксіз жазған хаттарының арқасында, мешіт арнайы тізімге алынып, Мәдени мұра бағдарламасы аясында қорғалатын нысанға айналған. Соңғы рет 2008 жылы реставрация жұмыстары жүргізіліпті. Бірақ, күмбезін қоршап қойған темір жабындыны алып тастап, кесек қалған екен. Содан бері жауын-шашын суы мен қарға төтеп бере алмай, күмбезі құлауға шақ қалыпты.

Әнуар Мырзаев, мұражайдың қызметкері:«Реставрация жасағанда күмбездің темірі алынып тасталған. Мұндай болмайды деді. Содан бері жауын жауса, қабырғалары құлайды. Сыз, суық. Осы мешітті сақтап қалу үшін ауылдың әрбір тұрғыны барын салған. Енді мемлекеттің меншігіне өтіп, мәдени мұра бағдарламасы бойынша ерекше қорғалатын аумақ болса да, жөндеуге көңіл бөлінбейді. Әйтпесе, мұражай жақсы. Келушілер көп. Олардың мұражайға кіруі ақылы.»

Ауыл мұражайының бүгінгі аянышты жай-күйін айтып, облыстық мәдени басқармаға хабарластық. жауапты маман, тарихи дүниелердің қолды болып жатқанын бізден естіп білді. Ал күрделі жөндеу жұмыстары қажет екенін де хабардар.
Бірақ, шарасыз.

Хамит Тажиев, Тарихи-мәдени қор сақтау орталығының бөлім басшысы: «Бұл проблема барын білеміз. Бірақ, бағдарламада жөндеуге қаржы қарастырылмаған. Ал штат бөлу мәселесін енді біліп отырмыз. Ұрланған дүниелердің тізімін жасауға ауылға барып, арнайы комиссия құрамыз. »

Айтпақшы, мұнда ескі жазбаны оқитын маман да жоқ. Сондықтан болар, мұражай сөрелеріне қойылған кітап саны санаулы. Өзгелері мұражай қызметкерлерінің үйінде сақтаулы тұр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер