Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да порнографиялық материал таратқан газет басшысы сотталды

vestikavkaza.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2018 20:16 vestikavkaza.ru
Ақпарат порталының хабарлауынша, журналист аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда.

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір журналист қамауға алынды. Жекеменшік газетті басқарған Анаргүл Сүлееваға ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша айып тағылып отыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Today.kz басылымына сілтеме жасап.

Ақпарат порталының хабарлауынша, журналист аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталуда. Олардың қатарында порнографиялық материал таратты деген бап та бар.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Анаргүл Сүлеева мен оның үш танысы Тасқараев деген ер адамды спирттік ішімдікке мас қылып, жалдамалы пәтерде мәжбүрлеп қамап ұстаған.

Кейін оны шешіндіріп, жалаңаш күйінде фотоға түсіріпті. Бұл фотоматериалдарды күдіктілер интернетке жүктемек болған.

Істерін тындырып болғаннан кейін олар жәбірленушіні жалаңаш күйінде үйінің ауласына апарып тастап, бұл сәтті де бейнекамераға түсіріп алыпты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: