Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жамбыл облысында автобуспен жолға шыққан Өзбекстан азаматтары құтқарылды

Оқиға Меркі ауданы Аспара ауылынан 15 шақырым жерде болған.

Сурет : Хабар 2429 Қаңтар 2018, 10:25

Жамбыл облысында 44 адам мінген автобус бұзылып, қыстың көзі қырауда жолаушылар жолда қалып қойған, деп хабарлайды Хабар 24.

Оқиға Меркі ауданы Аспара ауылынан 15 шақырым жерде болған. Көліктегі жолаушылардың бәрі көршілес Өзбекстан елінің азаматтары екен. Жедел жеткен лблыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары автобустағы 44 жолаушыны Аспара ауылдық мектебіне орналастырды. Қазір өңір жолдарында тосын жағдайлардың алдын алу мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.

- Кеше сағат 13:02-де Жамбыл облысы департаментінің кезекші басқармасына Меркі ауданы Аспара ауылына 15 шақырым жерде Сарыағаш-Алматы автобусы бұзылып қалған. Автобуста 44 адам болды. Құтқарушылардан 1 бірлік техника мен 3 адам шықты. Олар жолаушыларды Аспара ауылындағы номері екінші мектепке жеткізді. Ал сағат 19:30 шамасында Алматыдағы жұмыс беруші оларды басқа көлікпен алып кетті, - деді Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Мұнатаева.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер