Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарағанды облысында жұқпалы ауру мамандары тапшы

Инфекционист сертификатын алу үшін 9 жыл оқу керек.

Сурет : www.inform.kz30 Қаңтар 2018, 15:21

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің комиссиясы Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында үш жасар Айзере Қаһарманова мен Теміртау ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде көз жұмған Аслан Манасовтың қайтыс болу жағдайын тексеру барысында жұқпалы ауру дәрігерлерінің жетіспейтіндігін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Хорошаш неліктен жұқпалы аурулар дәрігерінің қызметін мамандығы басқа адамның атқарғанын түсіндірді.

«Қарағанды облысындағы ауруханада жұқпалы ауру дәрігерлері тапшы. Инфекционист сертификатын алу үшін 9 жыл оқу керек.Өкінішке орай, жас дәрігерлер бұл мамандық бойынша оқығылары келмейді, себебі оның жұмыс ауқымы аса үлкен. Тәулік бойы демалыссыз жұмыс істеуге тура келеді. Сондай-ақ, ауру жұқтыру қатері де бар. Жалақысы да аз», - деді Асқар Хорошаш.

Еске салайық, Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында инфекционист дәрігердің жетіспеуі салдарынан 31 желтоқсанда Айзере Қақарманова қайтыс болғанда, балалар дәрігері кезекшілік еткен.

Оның «инфекционист» мамандығы бойынша сертификаты болмаған. Теміртау орталық ауруханасында да бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Онда бір жарым жасар Аслан Манасов жұқпалы аурулар бөлімінде қайтыс болған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер