Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ВИЧ жұқтырған әйел дәрігерлердің кесірінен ХҚКО-ға кіре алмай жүр

Марина бұрын есірткі қабылдап, ВИЧ жұқтырған.

Сурет : Stan.kz2 Ақпан 2018, 12:20

Алматыда ВИЧ жұқтырған 35 жастағы әйел дәрігерлерді сотқа береді. Дәрігерлер жақында ана атанған әйелдің бұрын есірткі қолданғанын барлық құжаттарға жазып берген. Бұл турлы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Марина бұрын есірткі қабылдап, ВИЧ жұқтырған. 2 жыл бұрын есірткіге тәуелділіктен арылып, тұрмысқа шыққан. Жақында балалы болды. Бірақ, оның айтуынша, дәрігерлер оның өткен өміріне тиісіп, дұрыс қарамаған.

“Барлық құжаттарда, баланың перзентханадан шығру қағазына “В 20”, “ВИЧ” “СПИД орталықта тіркеуде тұр” деп жазды. Оларды жазып керек емес еді. Мен бұл құжаттармен ХҚКО-ға барамын. Оларға көрсетсем адамдар менен қашады”, - дейді Марина.

35 жастағы әйел сол үшін кінәлілердің жазаланғанын қалайды. Ол адвокат жалдап, дәрігерлерді сотқа беруге дайындалып жатыр.

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, бұл адам денсаулығын кемсітушілік болып табылады.

“Басты дәлел перзентханадан шығру қағазы болады. Меніңше бұз заңсыз және моральдық шығын келтірді ”, - деді адвокат.

Алматыдағы перзентхана дәрігерлері мұны жоққа шығаруда. Олардың айтуынша, жаңа туған нәрестелерді құжатта бұлай сипаттамайды. Ал, анықтама баланың анасының айтқан сөзімен жазылған.

“Анықтама өзінің сөзімен, анамнезімен жазылады. Егер науқастың анамнезінде есірткі қолданылғаны туралы жазылса, диагнозында жазылады. Ол жерде наркологтың қолтаңбасы болады”, - дейді №4 перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Зияда Донбева.

Енді қай тарап шындықты айтқанын сот шешеді.

Марина адвокатпен бірге БҰҰ әйелдер құқығы комитетіне дейін баруға дайын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер