Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында үш ауысымды мектептер азайып келеді

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2018 19:02 24.kz
Екі жыл бұрын бұл өңірдегі мұндай білім ошақтарының саны 13 болатын.

Алматы облысының Қарасай ауданында үш ауысымда бала оқытатын мектептердің саны азайып келеді деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Екі жыл бұрын бұл өңірдегі мұндай білім ошақтарының саны 13 болатын. Өткен жылы ауданда 7 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Соның арқасында 6 жарым мың оқушының сапалы білім алуына жол ашылды. Қарасай ауданында 50 мыңнан астам оқушы бар. Олар 53 мектепте білім алып жатыр. Биылғы оқу жылында 5 мың бала мектеп табалдырығын аттады. «Үш ауысымды түбегейлі жою үшін арнайы жоспар жасадық», – дейді аудан басшылары.

Махаббат Бигелдиев, Қарасай ауданының әкімі:- Биыл Қаскелең қаласында Керімбеков мектебіне, Абай ауылында Абай орта мектебіне жапсаржай құрылысы салынады. Үштерек, Алмалыбақ, Шамалған бекетінде Толстой мектебіне қосымша 600 орындық жапсаржай салу үшін облыстық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттарына қаражат бөлінді. Күнбе-күн өз кезегімен осы үш ауысымды мектептерді жою мәселесі шешіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: