Мас ер адам балалардың көзінше сүйіктісін өлтірді

Sputniknews.kz Sputniknews.kz
39 жастағы күдікті азаматтық некедегі әйелінің құрбысын да пышақтаған.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелін қатыгездікпен пышақтап өлтіріп, танысын да пышақтап тастаған 39 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сүйенек, өткен жылдың 19 желтоқсанында Қарасу ауданының Железнодорожное ауылында жантүршігерлік қылмыс жасалды.

Тергеу материалдарына сүйенсек, 2017 жылдың 19 желтоқсанында, шамамен сағат 9:45-те, Қарасу ауданы, Железнодорожное ауылында, азамат Ч. әріптесінің үйіне некедегі әйелін іздеп келеді.

Есікті қаға бастайды, кейін есікті бұзып, үйдің ішіне кірген. Үйде әйелі мен құрбысы, және құрбысының 2006, 2008, 2011 жылғы үш баласы болған. Балалар ашуға булыққан ер адамды көріп, басқа бөлмеге қашып кеткен.

Мас ер адам залға кіріп, азаматтық некедегі әйеліне бірнеше жерден пышақ сұққан. Әйел оқиға орнында жан тапсырды. Кейін үш баланың анасын да пышақтаған.

Алайда әйел дер кезінде аудандық ауруханаға жеткізіліп, аман қалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз