Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқмәди сотта банкир Ержан Тәтiшевтi өлтiргенiн мойындады

arnapress.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2018 19:54 arnapress.kz
Сот ісі барысында куәгерлер мен Тоқмәдиді тергеу жоспарлануда.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты негізгі сот ісі Жамбыл облыстық қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта қаралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айыпталушы орнында Мұратхан Тоқмәди. Оған "Алдын ала келiсiп, топпен қасақана адам өлтiру" бабы бойынша айып тағылды.

Мемлекеттік прокурор айыптау актісін оқыды. Қарсы келтірілген айғақтарды растап, өзіне тағылған айыппен келісесің бе деген соттың сұрағына Тоқмәди өз кінәсін толығымен мойындайтынын айтты.

Сот ісі барысында куәгерлер мен Тоқмәдиді тергеу жоспарлануда.

Еске салайық, «Банк Тұран Әлем» АҚ-тың бұрынғы төрағасы Ержан Тәтiшев 2004 жылы өлтірілген. Тәтішев Мұратхан Тоқмәдимен бірге аңшылыққа барған. Тергеу мәліметінше, бір сәтте Тәтішев аңшылық мылтығын Тоқмәдиге беріпті.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, көлік төмпешіктің үстінен өткен кезде қару өздігінен атылып кетеді. Оқ банкирдің басына тиеді. Ол кезде іс "байқаусызда кісі өлтіру" ісі бойынша қаралған. Мұратхан Тоқмәдиді бір жылға бас бостандығынан айырады, алайда көп ұзамай рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығады.

2017 жылы Алматы қалалық соты Тоқмәдиді «Iрi көлемдегi мүлiкке ие болу мақсатында бопсалау» және заңсыз қару сақтау бабы бойынша үш жылға соттайды. Сол жылдың қазан айында республикалық телеарналардың бірінде деректі фильм көрсетіледі, фильмде Тоқмәди банкир Тәтішевті өлтіргенін мойындайды.

Прокуратураның өтініші бойынша 13 жыл бұрынғы үкім жойылып, іс одан әрі тергеуге қайтарылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: