Мен ғана тоқал болып жатқан жоқпын – Ақбота Сейітмағамбет

Stan.kz Stan.kz
Қуандық Рахым мен Ақбота бір продюсермен жұмыс жасай бастаған.

Әнші Ақбота Сейітмағамбет продюсер Жанна Абуовамен бірге жұмыс істей бастады. Бұл туралы Zakon.kz Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қуандық Рахым мен Ақбота бір продюсермен жұмыс жасай бастаған. Ақботаның өзі продюсер Жанна Абуовамен жұмыс жасай бастағанына бір екі ай болғанын мәлімдеді. Қос әнші гастрольдік сапарда жүр.

Сұхбат барысында Ақбота көпті қызықтырған жеке өміріне қатысты да пікір білдірді.

"Қазіргі уақытта мен ғана тоқал болып жатқан жоқпын. Біреуге тоқал бол, екінші әйел бол деп айта алмаймын. Бұл – жат қылық, дұрыс емес, әрине. Басқа да адамдардың басынан неше түрлі жағдай өтіп жатыр. Мысалы, бір кісілердің жағдайы жоқ, біреулері зорланған, баласын тастап кеткен, әйелін, баласын немесе күйеуін өлтірген. Бірақ неге менің өмірім қызық болады? Түсінемін, елдің алдында жүрген соң барлығына қызықты не болып жатқаны. Бір кісілердің арқасында бұл бәріне тарап кетті. Бастапқы кезде жеке өмірім ешкімге қызық болмаған. Бір кісілер бүкіл әлемге жайды. Жүктілік кезде жалғыз болдым. Бауырым ғана қамқоршылық көрсетті. Өткеніме өткінбеймін. Шындықты білмгеген халық мені қаралап даттады. Қазір халық сенді. Қазір бәрі жақсы", - деді Ақбота Сейітмағамбет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз