Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда еліміздің үздік бокс төрешісі анықталды

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2018 17:02 24.kz
Марапаттау рәсімі басталмай тұрып Қазақстан, Ресей және Өзбекстан командалары матчтық кездесу өткізді.

Алматы облысында орналасқан AIBA бокс академиясында 2017 жылдың үздік төрешілері марапатталды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Марапаттау рәсімі басталмай тұрып Қазақстан, Ресей және Өзбекстан командалары матчтық кездесу өткізді. Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Бауыржан Оспановтың айтуынша, өткен жылы әр турнирдің қорытындысы бойынша төрешілерге ұпай беріліп отырған. Үздік қазылар соның нәтижесінде анықталды.

Жалпы елімізде жүзге жуық бокс төрешісі бар. Дегенмен 10 адам түрлі қателік жіберіп, ереже бұзғаны үшін жарыстан шығарылған. Оларға тағы бір мүмкіндік беріліп отыр. Бірақ тағы қателесетін болса, өмір бойына шеттетіледі. Бауыржан Оспановтың айтуынша, қазақстандық төрешілердің біліктілігін әлі де болса арттыру қажет.

Сол үшін түрлі семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар қаржыландыруды ұлғайту жайы да қарастырылып жатыр. Ал жылдың «Үздік төрешісі» аталымында Ержан Оспанбаев жеңімпаз атанды. Оған миллион теңгенің сертификаты тапсырылды. «Үздік рефери» атағы мен бір жарым миллион теңгенің сертификатын Қайрат Жұманқұлов жеңіп алды. Ал «Халықаралық аренадағы үздік судья» атағы Наталья Цойға берілді.

Бауыржан Оспанов, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті:- Қазір судья боламыз дейтіндер тек жігіттердің емес, қыздардың ішінде де шығып жатыр. Кім аттестациядан өте алады, солар емтихан тапсырып, әрі қарай өздерінің жұлдыздарын ала алады: 1 жұлдыз, 2 жұлдыз, 3 жұлдыз. Өздеріңіз білесіздер, соған қарап оларды шетелдік, әлемдік ареналарда өтіп жатқан үлкен додаларға шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: