Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда 21 тұтқынға тосқауыл болған сарбаздың ерлігі фильмге арқау болды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2018 17:37 Sputniknews.kz
Фильмнің сюжет желісіне Ұлттық ұлан офицері Ербол Отарбаевтың жанқиярлық ерлігі негіз болған.

Астанада 2010 жылы түрмеден қашқан 21 тұтқынның жолына тосқауыл қоя білген жас сарбаз Ербол Отарбаев туралы түсірілген "Алтыншы бекет" кинокартинасы таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фильмнің сюжет желісіне Ұлттық ұлан жауынгері Ербол Отарбаевтың 2010 жылы 22 маусымда Ақтаудағы түзеу мекемесін күзету бойынша қарауыл қызметінде тұрған кезіндегі жанқиярлық ерлігі негіз болған. Сол кезде жас сарбаз қатаң тәртіптегі колониядан қашпақ болған 21 жазасын өтеушінің жолына жалғыз өзі тосқауыл қоя білген. Оқиға кезінде Ербол үш жазасын өтеушінің көзін жойған. Өзі ауыр жарақат алып, 6 ай бойы ауруханада жатқан. Осы ерлігі үшін Ербол Мемлекет басшысының жарлығымен III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған болатын. Бүгінде Ербол Ұлттық ұланның офицері, Шымкенттегі 6698 әскери бөлімінде тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі бөлімше бастығының көмекшісі болып қызмет атқарады.

"22 маусым күнін еске алу мен үшін оңай емес. Сол күні сотталған бір топ тұтқын мен тұрған алтыншы күзет орнына қарай шабуыл жасады. Түзеу мекемесіндегі жарық өшірілді. Менің күзету орныма қарай оқ ата бастады, мен оларға оқ жаудырдым. Үш тұтқын оқиға орнында көз жұмды, мен сол иығымнан жарақат алдым. Алты бойы аурухана төсегінде жаттым", — деді Отарбаев.

27 жастағы офицердің айтуынша, бұл ерлік емес, әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы, міндеті.

"Бойымда қорқыныш сезімі болғанын жасырмаймын, бірақ менде ойланатын сәт болған жоқ. Сотталған азаматтар түзелу үшін келеді. Ал олар қашып жатса, біздің елімізге, отбасымызға зиянын тигізеді. Менің де бар ойым сотталғандарды тоқтату болды. Мен мұны ерлік деп санамаймын. Ұлттық ұланның әр сарбазы мұны жасауға міндетті. Қазір аға лейтенант шенін тағып отырмын. Ұлттық ұлан сапында қызмет еткенімді мақтан тұтамын", — деді сарбаз.

Фильмде Ерболдың рөлін 19 жастағы актер Санұржан Сүлейменов сомдайды. Санұржан көпшілікке "Аңшы бала" картинасы арқылы танымал. Жас та болса талантты актер 20-30 шақты фильмге түсіп үлгерген. Бірақ "Алтыншы бекет" сарбаз рөлін сомдаған алғашқы кинотуындысы екен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2018 17:37

"Әскери рөлді бірінші рет сомдап тұрмын. Түсірілім алдында казармаға барып, сарбаздармен бірге тұрдым, жаттықтым, түрлі дене жаттығулары қалай болатынын өз көзіммен көрдім. Фильмнің арқасында Ербол Отарбаев секілді тамаша адаммен таныстым. Одан үйренгенім өте көп. Бұл жобаның маған бергені мол болды", — дейді жас актер.

Толықметражды көркем фильм ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысы бойынша "Хабар" агенттігінің серіктестігімен түсірілген.

"Фильмнің сюжетіне 2010 жылы Ақтауда болған шынайы оқиға арқау болды. Сол жылы жазасын өтеп жатқандар түрмеден жаппай қашқан еді. Кинокартина мектеп кезінен дос болған екі жігіт туралы. Бірі әскери борышын өтеп жүрген сарбаз, енді бірі түрмеге түскен тұтқын", — деді картина режиссері Серікбол Өтепбергенов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2018 17:37

Фильм 15 наурыздан бастап кинокартиналарды көрсетіле бастайды. Бұған қоса, "Хабар" телеарнасынан телехикая түрінде көрермендерге жол тартады.

Көркем фильмде, сондай-ақ елімізге танымал актерлар Жасұлан Өмірбек, Серік Салқынбаев, Ерболат Тоғызақов, Саят Исембаев, Қажымұқан Калимбетов, Жандос Жұмагұлов, Армат Смайылов, Бауыржан Балғабаев, Гүлнара Байбосынова және басқалары ойнады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: