Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте бет-аузының сау-тамтығы қалмаған жігіттің мәйіті табылды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2018 18:21 Sputniknews.kz
Тұрғындар теміржол бойында 30-35 жастағы жігіттің мәйіті жатқанын көріп қалған.

Шымкентте жаяу жүргіншілер бүгін таңертең бет-аузы мен денесінен ауыр жарақат алған ер адамның денесін тауып алды, деп хабарлады TVK арнасы.

Мәйіт Рашидов және Жангелдин көшелерінің қиылысына жақын жердегі теміржол бойында жатқан. Ер адам шамамен 30-35 жаста.
Оқиға орнында полицейлер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Өлімге не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Ер адам пойыз астына түсіп қалуы немесе оны біреу пойыздан құлатып жіберуі мүмкін. Қаза болған жігіт үйсіз-күйсіз жүрген адамға ұқсамайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: