Ақтауда педофил алғаш рет химиялық жолмен піштіріледі

Baq.kz Baq.kz
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педифилдерді химиялық жолмен піштіру туралы заң күшіне енді.

2018 жылдың қыркүйегінде Ақтауда педофил химиялық жолмен піштіріледі. Аталған қылмыскердің жазасын өтеу мерзімі аяқталып қалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 қатаң режимдегі колониясында жазасын өтеп жатқан 54 педофилдің біреуі химиялық жолмен піштіріледі. Бұны жасаудың ережелері туралы облыстың ҚАЖ және денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтып берді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педифилдерді химиялық жолмен піштіру туралы заң күшіне енді. Оны жүргізу қиғидаларын Денсаулық сақтау министрлігі әзірледі. Бұл норма 18 жастан асқандарға қатысты қолданылады.

Маңғыстау облысы ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Асылбек Анарбаевтың айтуынша, осы жылдың қыркүйегінде қамауда отырғандардың біреуі жазасын өтеп шығады. ҚР ДСМ 2017 жылдың 15 маусымындағы №423 бұйрығына сәйкес, жазасын өтеу мерзімі аяқталғанға дейін 6 ай қалғанда ҚАЖ департаментіндегі сотталғанның ісін Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотына береді.

«Содан кейін сот қылмыстық істі қарайды және сот-медициналық сараптамасын тағайындайды. Дәрігерлік комиссияның мүшелері сотталған азаматты тексереді. Содан соң химиялық жолмен піштіруге болады ма, жоқ па, солар шешім шығарады. Соның негізінде сот үкім береді», - деп түсіндірді Асылбек Анарбаев.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Клара Оралбаеваның айтуынша, сот үкіміне сәйкес, сотталған азаматқа жыныстық белсенділікті, сексуалды фантазияларды және қоздыруды бәсеңдететін дәрілерді мәжбүрлеп береді.

«Сот қылмыскерге қатысты оң шешім шығарса, онда бостандыққа шығуына 5 күн қалғанда оның құжаттарын тұрғылықты жері бойынша полиция органына және облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолдаймыз. Педофилдің дәрігерге келіп, уколын алып отыруын әкімшілік бақылау органдары қадағалайды», - деді Анарбаев.

Химиялық піштіру үшін қолданылатын дәрі ципротерон деп аталады. Бұл - Қазақстанда осындай шарада қолданылуға тіркелген жалғыз антиандроген. Оны әр 10-14 күн сайын салып отыру керек. Бір сотталғанға жыл бойы 26 укол салынады. Препараттың бір ампуласы 4000 теңгедей тұрады. Сонда бір адамға арналған химиялық піштіру курсы 127 мың теңгеге айналады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз