Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Сурет : Хабар 2412 Наурыз 2018, 09:13

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, оңтүстік және шығыста жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстан аймағының басым бөлігінде тұман күтілуде. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с дейін болуы күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтілуде.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде және таңертең Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің күші 18 м/с болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер