Жаңалықтар тізбегі
0

Аягөз қаласындағы су тасқынынан бүлінген үйлер тегіс жөнделеді

kaztrk.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2018 21:04 kaztrk.kz
Бүгінде 100 үйді бастан-аяқ жөндеу бойынша жобалық смета дайын.

Баспаналарды қалпына келтіру үшін 259 миллион теңге бөлінді. Үйлердің барлығын арнайы комиссия тексеріп шықты. Облыс әкімі Даниал Ахметов кеше Аягөзге тағы барып қайтты, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық телеарнасы.

Қасына құрылыс компанияларының жетекшілерін ерткен аймақ басшысы қандай жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін көрсетті.

Судан зардап шеккен үй-үйді аралап, тұрғындармен кездесті. Бүгінде 100 үйді бастан-аяқ жөндеу бойынша жобалық смета дайын.

Олардың 30-ын Аягөздегі құрылысшылар қалпына келтірмек.

Ал, қалғандары Семей қаласы мен Тарбағатай ауданындағы құрылыс фирмаларына тапсырылды.

Әсемхан Досқұжанов, құрылыс компанияның басшысы: - Жобалау институттары жоба жасап жатыр. Дүйсенбі күні жұмысқа шығып, 15 күн ішінде бәрін бітіреміз. Жер кепкен жоқ, қабырғасы сыз деп айтады. Бізде оны кептіретін құралдар бар.

Дарын Сағитов

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: